Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да досын құтқармақ болған жігіттер суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында үш жігіт Есіл өзенінде суға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше сағат 15:30 шамасында болды. Шал ақын ауданы Жаңажол ауылының маңында алты жігіт Есіл өзенін кесіп өтпекші болған. Өзеннің ені 50-60 метр, тереңдігі 1,5 метр. Артқа қайтып бара жатқан кезде соңында келе жатқан 1996 жылы туған жігіттің аяғының сіңірі тартылып, оны ағыс алып кеткен. Жігіт жүзе алмаған. Жолдасының батып бара жатқанын көрген 2001 және 2002 жылғы жігіттер оған көмектеспекші болған. Алайда олар да жүзе алмайтын болып шықты, осылайша, үшеуі де суға кетті. 

"Аудандық құтқарушылар, полиция қызметкерлері, облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетті. Қаза тапқандарды іздестіруге ауыл тұрғындары да көмектесті. Барлығы 32 адам, 3 техника және 3 қайық жұмылдырылды. Қаза болғандардың денелері тек екінші күні 17 шілдеде сағат таңғы 8.29 минутта табылды", - деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Суға түсу маусымы басталғалы облыста 11 адам көз жұмды. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр