СҚО-да бұрынғы ауыл әкімі өз еркімен әскерге аттанды
Солтүстік Қазақстан облысынан бұрынғы шенеунік өз еркімен әскер қатарына аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жалғас Асқар 2001 жылы Петропавлда дүниеге келген. Колледжде заңгер мамандығын алған соң Спасовский ауылдық округінің әкімдігіне жұмысқа орналасты. Сол жерде жетекші маман болып еңбек ете бастаған ол ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушыға дейін көтерілді.
Бірақ кейін ол Отан алдындағы борышын өтеймін деп шешім қабылдапты. Әскери борышын Жалғас Асқар Қапшағай гарнизонында материалдық-техникалық қамтамасыз ету отрядында аттанған. Мұнда күзет ротасында атқыш болып қызмет етеді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті