AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Аshyq-қа қосылмаған көптеген нысан сенбі-жексенбі жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес карантиндік шектеулер күшейтілді:

- сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары мен сауда үйлері (оның ішіндегі азық-түлік сататын нысандар мен дәріханаларды есептемегенде), жабық азық-түліктік емес базарлар, сауна, СПА орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар жұмыс істемейді.

Аshyq қосымшасы бар сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, азық-түлік сатпайтын жабық базарлар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, спорт нысандары адам санын 30-дан асырмай, СПА-орталықтар, бассейндер, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтары шектеусіз жұмыс істейді;

- Аshyq қосымшасын енгізбеген мәдениет нысандарының, театрлардың, кинотеатрлар мен концерт залдарының, филармонияның жұмысы тоқтатылады. Жобаға қосылғандар толымдылықты 30% асырмаулары қажет;

- аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылды және толымдылығы 50% аспауы керек;

- Аshyq қосымшасына қосылмаған халыққа қызмет көрсету нысандары 80% толымдылықпен, жобаға қосылғандар шектеусіз жұмыс істейді;

- медицина орталықтары, стоматология кабинеттері алдын ала жазылу бойынша қабылдайды;

- Аshyq жобасына қосылмаған спорт нысандары көрерменнің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізе алмайды. Жүйегі қосылғандар көрермен санын 20% асырмаулары керек;

- балабақшаларда бала саны 15 адамнан аспайтын кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Түрлі білім беру орталықтары адам санын 15-тен асырмай, алдын ала жазылу бойынша қызмет етеді;

- қоғамдық тамақтану орындарының, жазғы алаңдардың жұмыс уақыты шектелген, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және толымдылықты 50% және 30 орыннан асырмай, ал Аshyq жүйесіне қосылғандар орын санын 50-ден асырмай сағат 2.00-ге дейін жұмыс істемек;

- асханалардың жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 24:00-ге дейін шектелді. Аshyq жобасына қосылған жағдайда тәулік бойы жұмыс істей алады;

- мекемелер мен ұйымдарда қызметкерлердің 80% кем емес саны қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Қызметкерлер вакцина алған жағдайда пайыздық қатынасты сақтамауға болады. Ал толық вакцинациядан өткен қызметкерлер және соңғы үш айдың ішінде COVID-19-бен ауырып тұрғандар штаттық режимде жұмыс істей береді;

- сұлулық салондары мен шаштараздар сағат 9:00-ден сағат 18:00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша келушілерді қабылдайды.

- жүйелі түрде жүретін қалааралық-облысаралық автобустар Аshyq жобасына қосылған жағдайда шектеусіз жұмыс істейді.

Ал Аshyq жүйесін енгізген қалалық, облысаралық туристік автобустар жолаушы санын 15-тен және толымдылықты 75% асырмай жүре алады.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр