Алматыда белсенділер Ресей елшілігінің қоршауына "Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері" деп жазды
Алматыда белсенділер Ресей елшілігінің қоршауына «Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері» деген жазуы бар плакат іліп қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Бақытжан Бұхарбай өзінің facebook парақшасында хабарлады.
Ұзынқұлақ маған «Намыс» жастар қозғалысының жетекшілері Ресей Федерациясы елшілігінің алдына Ресей депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне қарсы «Солтүстік Қазақстан - қазақ жері» деген жазуы бар наразылық плакатын іліп қойғанын хабарлады.
Меніңше, әрі қарай жүріп, «Орынбор - қазақ жері» деп жазу керек сияқты. Сонда жауап симметриялы болар еді. Қалай болғанда да, жігіттер, керемет» , - деп жазды ол.
Полиция белсенділерді ұстағанын атап өтті.
Бұған дейін Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың «Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген еді. Осыдан соң ҚР сыртқы істер министрлігі наразылық білдірді. Ресейлік шенеуніктің өзі бұл пікіріне түсініктеме бергендей болды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
