AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да аяғына шеге кіріп кеткен ер адам сіреспеден көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында аяғына шеге кіріп кеткен ер адам сіреспеден көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында ер адам құрылыс алаңында шегені басып кеткен.

54 жастағы науқас орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгені хабарланды. Қарау кезінде жақтың ауруы, омыртқаның бойында қаттылық, әлсіздік байқалды.

Эпидемиологиялық жағдай мен клиникалық суреттемеге сүйене отырып, науқасқа сіреспе диагнозы қойылды.

Өзбекстан азаматы Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылдан бері тұрады. Ол құрылыс алаңында жұмыс жасаған. 21 тамызда ер адамның аяғына шеге кіріп кеткен. Алайда ол дәрігерге жүгінбепті.

25 тамызда кешке  ер адамның "басы артқа өздігінен шалқайып кеткен және жақ бөлігінде ауырсыну” байқалды. Дегенмен, ер адам тағы медициналық көмекке жүгінбейді. 

Емдеу уақытылы жүргізілмей, ертесі күні жедел жәрдем шақырылады. Шетелдікке шұғыл вакцинация жасалды, бірақ оның жағдайы өзгерген жоқ. Ол 28 тамызда көз жұмды. Облыстың санитарлық қызметінің өкілі науқастың өлімін медициналық көмекке кеш жүгінумен түсіндірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр