Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпкерге төленуі тиіс 2 млрд теңгеден астам субсидияны негізсіз тоқтатқан

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары АӨК субъектісінің жолданымы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасында 2 млрд теңгеден аса сомаға субсидия төлеуді тоқтата тұруды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz / Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

“Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұру шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 948 млн теңге субсидия төлеу арқылы кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қалған ақшаны төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Талқылау