AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан алып кетуді ұмытып кеткен

Петропавлда ата-аналар баласын балабақшадан алып кетуді ұмытып кеткен. Полиция кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға материалдарды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша қызметкерлері тәртіп сақшыларына 5 жасар қызды алып кетуге ешкім келмегенін айтқан. Кішкентай қызбен бірге ювеналды полиция қызметкерлері баланың тұрғылықты жеріне келген. Онда олар ата-анасының мас күйінде ұйықтап жатқанын көрген.

"Пәтер шашылып жатыр, алкоголь бөтелкелері жатыр. Әкесі мен анасына қатысты "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына құжаттарды тапсырды. Бұл ата-ана тарапынан мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр", – деп түсіндірді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.

Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінде барлығы 242 әлеуметтік жағдайы нашар отбасы есепте тұр.

Айта кетейік, биыл 26 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылса, 6-уына шектеу қойылды. Ата-аналық міндеттерін орындамау фактісі бойынша 418 материал жиналды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр