СҚО-да алты блок-бекет орнатылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан орталығында алты бақылау бекеті орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мамандармен, дәрігерлермен және әкімдік өкілдерімен бірге блок-бекеттерде кезекшілік етеді.
"Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаево қаласында бақылау бекеттері 9 қазаннан бастап орнатылды. Қазір облыс орталығына кіруді төрт бақылау бекетінің қызметкерлері бақылауға алды. Оған қоса, Мамлютский ауданының Мамлютка қаласында екі бақылау бекеті бар. Олар 12 қазанда сағат 00:00-ден жұмыс істей бастады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полиция Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылында патрульдеуді күшейткенін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев атап өткендей, шілде айының ортасынан бастап облыста ҚР ОАО-ның «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу» 425-бабының 1547 бұзушылықтары анықталды. Петропавл қаласында осы бапты бұзудың 745 фактісі анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазаннан бастап Булаево қаласы қатаң карантинге байланысты жабылды. Шектеу шаралары Қазақстанда көктемде енгізілген шаралармен бірдей.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
