СҚО-да 91 жастағы әжей түнгі аязда үйінен шығып, адасып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 91 жастағы кейуана түнде аязда үйінен бір халат пен тәпішкемен шығып, үсіп кете жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
18 қарашаға қараған түні Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаевода қызмет атқарып жүрген автопатрульге тұрғын хабарласып, түннің ортасында бір әйел есік қағып тұрғаны туралы хабарлаған.
"Учаскелік инспектор Виталий Охрименко мен патрульдік полиция инспекторы Дулат Бериков таңғы сағат 4 шамасында көлікпен бірден оқиға орнына жетеді. Үйде түнгі аязда қатты тоңған жұқа көйлек пен жалаң аяққа іле салған үй шәркесі ғана бар зейнеткер әйел болған. Өзінің кім екенін, қайдан жүргенін айтатын шамасы болмады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Үй иелері де кейуананы танымайтын болып шықты. Олар әйелге жылы киім кигізіп жіберді. Ал зейнеткер болса адасқанын қайталап, әртүрлі фамилиялар мен есімдерді атады. Олардың бірі бойынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі бір мекенжайды анықтауға көмектесті.
"Оны үйге әкелген кезде, туыстары ұйықтап жатқан. Олар 91 жастағы анаcының қашан шығып кеткенін білмеген. Аязда тек қана көйлек-шәркеймен біраз жерге барғанын естіген олардың қандай күйде болғаны айтпаса да түсінікті. Аналарын аман-есен тауып, үйге әкелген тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырып, екінші күні кейуананың қызы полицейлердің атына алғыс хат жолдады", - деді полицияда.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
