Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 76 жастағы кейуананың үйін екі әйел тонап кеткен

Солтүстік Қазақстан облысындағы Покровка елді мекенінде екі алаяқ әйел 76 жастағы кейуананы алдап, үйінен ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұрлық

76 жастағы кейуана өзін тонап кеткендігі туралы полицияға арызданған, -деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті.

Әжейдің сөзіне қарағанда, үйіне бейтаныс әйел келіп, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған, әңгімеге тартқан. Екеуі сөйлесіп отырған кезде аула сыртындағы есіктен үйге екіншісі кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 580 мың теңгеден асады.

"Ұрлық жасады деген күдікпен сол күні екі әйел ұсталды. Олар мінген көлікті көрші Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары тоқтатты. Әйелдердің біреуі Мамлютка қаласының 42 жастағы тұрғыны. Екіншісі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 48 жастағы тұрғыны, бұрын сотталған екен. Тексеру барысында олардан ұрланған алтын бұйымдар мен ақша табылып, алынды", - дейді Мамлют аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жеңіс Темірбеков.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. "Ұрлық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктілерді қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Шілде, 2020 06:51
Талқылау