Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 74 жастағы қария қатты аязда үсіп өлді

Еліміздің солтүстігінде ақ түтек боран мен қатты аязда үйінен шығып, жоғалып кеткен адамның денесі табылды. 74 жастағы ер адам далада үсіп қалған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

үсік

"Қаңтардың 21-не қараған түні жұмысшы кентінде тұратын ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел уәкілдер бірден іздестіру жұмыстарына көшті. Таңертең сағат 10-дар кезінде 21-і күні жергілікті тұрғындардан Комаров көшесіндегі үйлердің бірінің артынан ер адамның мүрдесі табылғаны жайлы қоңырау келіп түсті", - деді СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Талқылау