AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 24 жастағы бойжеткен жеті үйір жылқыны жалғыз өзі бағып жүр

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында тұратын Асыл Ахметова 12 жасынан бері жеті үйір жылқыны жалғыз бағып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Кейінгі кездері ауылдың шынайы өмірін бейнелеген жылқышы қыздың жазбалары көпшілік қызығушылығын арттыра түсті. Сәйгүлік жаратып, бәйгеге шапқан бойжеткенге сүйсінген шетелдіктер аққайыңдар өлкесіне келуді армандайды.

Үйір-үйір жылқыны алдына салған Асылдың күнделікті тірлігі осы. Жастайынан қылқұйрықты жануардың бабын тапқан бойжеткен қаланы тастап ауылға келгеніне еш өкінбейді.

Ауылда 7 үйір жылқы бар. Асыл қысы-жазы соның барлығын жалғыз өзі баға береді. Аттың құлағында еркін ойнайтын бойжеткен бәйгелерге де қатысып жүр.

Асыл информатика пәнінің мұғалімі. Жұмыстан тыс уақытта жылқы бағып, бие байлайды. Қолы қалт етсе ұлттық дәстүр, туған ауылы жайлы бейнероликтер түсіреді. Мақсаты – қазақтың дәстүр-салтын дәріптеу.

“Екі атым бар, мұның аты Залетный, екіншісі Джунгли. Бұл менің негізі бәйгеге шабатын атым. Кішкентай кезімнен бастап жылқыға деген бір ерекше махаббатым оянды деп айтса болады. Өзім ылғи қастарында жүргім келеді. Бір байланыс болып тұрады арамызда”, – дейді жылқышы қыз Асыл Ахметова. 

Қыстың үскірік аязы мен жаздың аптап ыстығында мал бағу оңай шаруа емес. Дегенмен, жылқы малының қадір-қасиетін танып өскен Асыл бұл кедергілерді оңай еңсеріп келеді. Асыл үшін үйірдегі әр жылқының орны бөлек. Әрқайсысының мінезін біледі. Себебі құлын кезінен баптаған. Түсірілім кезінде екі бие құлындап жеті үйір жылқының қатары тағы көбейді.

“Кішкентай кезінен жылқыны жақсы көреді. 5 жасынан бастап, атқа отырғыздық. Өзіммен бірге”, – дейді қыздың әкесі Есенғали Ахметов. 

Даланың төсінде еркін тыныстаған Асылдың жаны жасандылықты сүймейді. Өзге қыздар сынды опа-далап, әшекей бұйым жылтыраққа қызықпайды. Бастапқыда анасы ерке өскен қызының ер азаматтың жұмысы деп құрық ұстауына қарсы болыпты.

“Әкесіне тартқан, болмайды жылқы-жылқы деп, барам-барам деп. Сосын енді баланың көңілі қалағасын жарайды дедік. Оқудан келгенде, жол жүріп келгенде, жылқыны сұрайды. Үйге кірмесе де сол жылқыға барады бірінші”, –дейді Асылдың анасы Мәрзия Ахметова. 

Асыл болашақта ауылды дамытып, ұлттық дәсүрді насихаттау үшін туристік орталық ашқысы келеді. Сондай-ақ жылқышы қыз желмен жарысқан сәйгүліктерімен бірге тарихи киноға түсуді де армандайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр