Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек алуға кімдер құқылы

Соңғы кезде басы даудан арылмай, басшылары қамауға алынған «СК Фармация» компаниясы дәрі-дәрмекке тендерді енді жария түрде елдің алдында ашық жүргізе бастады. Бүгін Астанада комиссия мүшелері конверттерді журналистердің көзінше ашып, үміткерлердің өтінішін қарауға кірісті. Сонымен, президент «мафия» деп атаған атышулы СК Фармация тегін дәріні кімдерге таратады? Бұдан былай дәрі-дәрмек тапшылығы азая ма?

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Басшылары жемқорлықпен ұсталып, қызу ауыс-түйісі енді аяқталған СК Фармацияның жаңа командасы бүкіл жұмысын жұртқа жариялаумен жүр. Бүгін  компания Астанада алдағы 9 айға жететін дәрі дәрмекке тендер жариялап, оны онлайн жүргізді. Комиссия мүшелері өтініш берген үміткерлердің конверттерін тілшілердің көзінше ашты.

СК Фармация қатысушыларға талапты да өзгертіпті. Тендерге қатысып отырған фармкомпанияның өнімі халықаралық стандарттарға сай болуы керек және бағасы Үкімет белгілеген межеден аспауы тиіс. Яғни, 62, 5 миллиард теңгеге 488 түрлі дәрі-дәрмекті мемлекеттік сатып алуда ең арзан баға ұсынған компаниялар тасымалдайтын болады. Осылайша шенділер мемлекеттің миллиардтарын үнемдемек. Ал, тендердің қорытындысы ақпан айының соңында белгілі болады. Сатып алынған дәрілер ауруханалар мен емханаларға және диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарға тегін беріледі.

“Тегін дәрілер түберкулез, онкологиялық, қант диабеті, ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен В,С гепатитіне шалдыққандарға беріледі. Тізімде 49 түрлі ауру бар. Кейбір дәрілердің бағасы арзан болғандықтан отандық көшірмесін сатып аламыз. Бірақ препараттардың 72 пайызы шетелдікі”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Айта кетейік, СК Фармация дәрілерді Үкіметтің келісімімен екі кезеңге бөліп сатып алуда. Желтоқсанда үш айға жететін препаратты бір компанияға тапсырыс берген. Заңға өзгеріс енгізілгендіктен екінші кезең енді жүргізілуде. Дегенмен, басшылары елде дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды деп сендіреді. Тіпті, компания жетекшілерінің жемқорлықпен қамауға алынуы мен СК Фармациядағы тергеулер жұмысқа еш кедергі келтірмепті.

Ал, бүгін сот СК Фармацияның басшы қызметіне тағайындалғанына бір жыл өтпей күдікке ілінген Максим Касаткиннің қамау мерзімін тағы жарты айға ұзартты.  Оған дәрі тасымалдайтын бір компаниямен келісіп, өзгелерді  тендерге жолатпаған деген айып тағылып отыр. Атышулы қылмыстық әлі тергеліп жатыр. Ендеше медицинадағы «мафиямен» күрес жақын арада аяқталмайтын сынды.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысы ауруханасында тағы бір бала көз жұмды

Қақпанға түскен арыстанды туыстары 3 жыл бойы тамақтандырып, қамқор болған

Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды

Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)

СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті

Талқылау