Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

фармацияФото: sk-pharmacy.kz

"СК-Фармация" компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жариялай алмаймын", — деді Елемесов Сенатта өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек компанияның мемлекетке 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келтіргенін айтқан еді. Оның сөзінше, "СҚ-Фармация" дәрі-дәрмектерді нарық бағасынан 365%-ға дейін қымбат сатып алып, қажетсіз препараттарды алған және дәрілерді дұрыс таратпаған. Осы дерек бойынша депутаттар Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов Бас прокуратураға өтініш түсірген.


Кем дегенде 10 қылмыстық іс бар: Депутат бұрынғы “СҚ-Фармация” басшыларын жазалауды талап етті


Жаздың басында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін сынға алған болатын. Оның айтуынша, аудит нәтижелері барлық кезеңде проблемалар бар екенін көрсеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбеновтің өтініші бойынша Бас прокуратура "СҚ-Фармация" және фармацевтикалық компанияларды тергеуді бастаған болатын. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 12:24
Талқылау