"СК-Фармация" басшысы мен қызметкерлерінің жалақысы қанша
"СК-Фармация" ЖШС өз қызметкерлерінің жалақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, штат кестесі бойынша шегерімдерді есепке алмағанда төмендегідей жалақы қарастырылғанын :
- менеджердің позициясы - 200 000 теңгеден бастап;
- бас менеджердің позициясы - 350 000 теңгеден бастап;
-әкімшілік-басқару персоналының позициясы - 450 000 теңгеден бастап;
- басқарма мүшелерінің, оның ішінде басқарма төрағасының позициясы - 750 000 теңгеден бастап.
"Даму жоспарын нақтылауға сәйкес 2019 жылдың екінші жартыжылдығында штат саны бес адамға көбейді, жоспарланған еңбекақы қоры азайды. Қазіргі уақытта қаржылық есептілікке аудит жүргізілуде, ол аяқталғаннан кейін мемлекеттік мүлік порталында 2019 жылға арналған даму жоспарының орындалуы еңбекақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар бойынша орналастырылатын болады", - деп хабарлады компанияда.
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "СК-Фармация" ЖШС штатында 150 қызметкер бар, олардың 123-і қазір жұмыс істеп жүрген қызметкерлер болып табылады, жасақталуы 82 пайызды құрайды.
Барлық қызметкерлердің жоғары білімі бар, олардың 29 пайызы - екі және одан да көп диплом иегері. Серіктестікпен еңбек қатынастарында тұрған 123 қызметкердің:
- Фармацевтикалық, медициналық білімі бар - 59 адам (48 пайыз);
- Экономикалық білімі бар - 33 адам (27 пайыз);
- Техникалық білімі бар - 11 адам (9 пайыз);
- Заңды білімі бар - 18 адам (15 пайыз) ;
- Қоғаммен байланыс саласындағы білімі бар - 2 адам (1 пайыз).
"Айта кету керек, серіктестік қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 2013 жылдан бастап дәрілік заттар айналымы көлемінің 2,3 есеге ұлғаюына қарамастан бес жылдан астам уақыт бойы өзгерген жоқ. Еңбек өнімділігі 2018 жылмен салыстырғанда 76 пайызға артты", - деді ұйымның баспасөз қызметі.
Компания сонымен қатар, жұмыс кезеңінде орталықтандырылған сатып алу нәтижелері бойынша тікелей экономикалық тиімділік 124,3 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді.
Бұдан басқа, СК Фармация жалақы мен бонустар туралы бұған дейін желіде пайда болған есептерге түсініктеме берді.
"Қызметкерлер" 12 - қосымшадағы "орташа айлық жалақы" жолы белсенді емес, бағдарламалық жасақтама арқылы жоспарлы жалақы қорын қызметкерлер санына және жылына 12 айға бөлу арқылы толтырылды және қызметкерлердің жұмысының күрделілігіне, біліктілігіне байланысты лауазымдық жалақының градациясын ескермеді", - деп жауап берді мекеменің баспасөз қызметінде.
Сондай - ақ, компания қызмет аясының кеңеюіне қарамастан (денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операция жасау, кейіннен бөлшек сауда желісінде сату үшін дәрі-дәрмектерді көтерме сатып алу, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сovid-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған жағдайда Қазақстанға көрсетілетін гуманитарлық көмек алу) штат саны өзгеріссіз қалғанын атап өтті.
"Заңнама нормаларына сәйкес серіктестік жылдық қаржылық есептілік қорытындылары бойынша таза табыстың бір бөлігін (кемінде 50 пайыз, кейбір жылдары - 100 пайызға дейін) республикалық бюджетке аударады. Серіктестіктің иелігінде қалған кіріс дәрі-дәрмектердің азаймайтын қорын құруға жұмсалады", - деп жазды"СҚ-фармацияда".

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
