Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз": Қошанов орысша мақалдап сөйлеген денсаулық сақтау вице-министріне ескерту жасады

Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжілістің  жалпы отрысында депутат Еркебұлан Мәмбетов вице-министрден халық денсаулығы туралы кодексте енгізілген түзетулер туралы сұрады. Депутат халықтың өмірі мен денсаулығына зиянын тигізетін санитариялық талаптарға қатысты шағымдардың жиілегенін алға тартты.

“Сапасыз өнімдер, улану жағдайлары бар. Санитарлық талаптарды осындай нақты бұзушылықтар анықталған жағдайда кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады?”, – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр Жандос Бүркітбаев "дәрігерлердің арасында "не навреди" деген мақал бар" деп айтты.

“Осыған қарай әрине, қазіргі заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза бар. Олар бәрі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар бүгін қарап отырған заң жобасында жедел әрекет ету шаралары деген жаңа бақылау түрі көрсетілген. Сапасыз өнімді тұтынып улану жағдайлары болған уақытта жедел шешім қабылданып, жоғарыда айтқан шараларды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, сатып  алу кезінде де бақылау күшейген. Бұл сәйкес келмейтін өнімді халыққа жеткізуге мүмкіндік бермейді”, – деп жауап берді ол.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министр орынбасарының сөзін бөліп, "сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз"  деп ескерту жасады. Оған жазбаша жауап беруді тапсырды. 

Талқылау