Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіз өлгенсіз деп айтады": Ақмола облысында зейнеткер 20 жылдан бері қайтыс болғандардың тізімінде жүрген

Ақмола облысының тұрғыны 20 жылдан бері қайтыс болғандардың тізімінде жүрген. Бұл туралы ол халыққа қызмет көрсету орталығында барғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

зейнеткер

“ХҚКО-ға зейнетақымды рәсімдеуге барған болатынмын. Сөйтсем, 1997 жлы қайтыс болып кетіппін! Қазір тірі екенімді дәлелдей алмай келемін”, – дейді Анастасия Малашенко.

Зейнеткердің айтуынша, ол бұған дейін еш жерге шағымданбаған. Алайда 2015 жылы зейнетақысын рәсімдеуге ХҚКО-ға келсе, аты-жөні қайтыс болғандардың тізімінде жүр. 

“Не ауруханаға, не басқа жерге барудан қалдым. Ақша төлеу қажет ұйымдарға барсам, мені қабылдамайды. Өйткені мен “өліп қалғанмын”. Кейіннен анықталғандай, 1997 жылы Алматы облысында аты-жөніміз ұқсас әйел қайтыс болған екен. Бірақ оның тегі Милашенко болса, менікі Малашенко. Көксу ауданында қателесіп кеткен. Енді міне бір әріп үшін осындай шу болып жатыр”, –  дейді Ақмола облысының тұрғыны. 

Айтуынша, ол қажет деген құжаттардың барлығын өткізген. Десек те зейнеткерді өлгендер тізімінен шығаруға ешкім асықпайды.

“Бір жаққа барғым да келмейді. Өйткені ол жерде маған “сіз өлгенсіз” деп айтады. Мұны жиі естігендіктен, жүйкем сыр бере бастады. Салмағым 95 келіден, 70 келіге түсіп кетті. Тістерім сырқырауды шығарды. Прокуратураға да шағымдандым. Барлығы қолдарын бір сілтейді”, – дейді Анастасия Малашенко. 

Үш жылда бармаған жерім, баспаған тауым қалмады деген ол ақыры “марқұмдардың тізімінен” шығыпты, десек те мәселелердің ешқайсысы шешілмепті. Қария өз атынан емханаға кезек, ұшақ пен пойызға билет ала алмайтын көрінеді. ЖСН жазатын жердің барлығында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. 

“Маман Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласты. Онда зейнеткердің статусы өзгертілді. Енді емханаға тіркелуі қажет. Алдағы уақытта ол кісіге көлік жіберетін боламыз”, – деді Ақмола облысы Бурабай ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың жағдайын тіркеу бөлімінің бас маманы Марина Колесникова. 

Ендігі кезекте Анастасия Малашенко моральдық өтемақы өндіріп алмақшы. 

“Сегіз жыл қамығып келгенімі үшін әрбір жылға бір миллион теңге талап етпекпін. Маған бұл уақытта қанша адам тіл тигізіп, көңіліме қаяу түсірді. Мен Қазақстан азаматымын, олар бұл әрекеттері үшін жауап беруі тиіс”, – деді ол. 

Талқылау