Сіз мән бермей жүрген қате тіркестер
Қарапайым адамдар ғана емес, жаңалық, ресми баяндамалардан да қате сөз қолданыстарын жиі естуге болады. Айдарымыздың бүгінгі санында күнделікті естіп жүрген, кең таралған қате тіркестерге шолу жасаймыз.
Жаңалықтардан оқиға орын алды деген тіркесті жиі кездестіреміз. Дұрысы, оқиға болды. Оқиға орын алды деген орысшадан сөзбе-сөз келген калька.
Кейде тілімізде қателік жіберу деп қолданамыз. Дұрысына келгенде, қателік жіберу емес, қателесу. Бұл да - орысша олаудың кесірі. Яғни, "совершить ошибку" деген орысша тіркестің сөзбе-сөз аудармасы.
Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.
Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн