Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тест: Сіз қаншалықты қырсықсыз?

Ұсынылған тест сұрақтарына жауап беріп, өзіңіздің қаншалықты қырсық екеніңізді біліңіз.

1. Бала күніңізден қимыл-қозғалысты қажет ететін ойындары ұнатасыз ба?

а) Иә. б) Ойынға байланысты. в) Жоқ.

2. Мектепте сабақ кезінде жиі сыртқа шығып келуге сұрандыңыз ба?

а) Жоқ. б) Әрқалай. в) Иә.

3. Бір адамға хабарласа алмасаңыз, бірнеше мәрте қайталай қоңырау шаласыз ба?

а) Әрине. б) Кімге қоңырау шалғаныма байланысты. в) Жоқ.

4. Бала күніңізде кез-келген істі өзіңіз бастайтын ба едіңіз?

а) Иә. б) Кейде. в) Жоқ.

5. Тез ашуланасыз ба?

а) Жоқ. б) Әрқалай. в) Иә.

6. Кезекте күткенде ашуланасыз ба?

а) Жоқ. б) Не үшін кезекте тұрғаныма байланысты. в) Әрине.

7. Сөзжұмбақ шешкенді ұнатасыз ба?

а) Иә. б) Онша емес. в) Жоқ.

8. Қандай да бір затты жөндеу үшін бір күніңізді сарп ете аласыз ба?

а) Иә. б) Нені жөндейтініме байланысты. в) Жоқ.

9. Өз сөзіңіздің не ісіңіздің 100% дұрыстығына үнемі сенімдісіз бе?

а) Үнемі. б) Кейде. в) Өте сирек.

10. Өзгелердің кеңесіне құлақ асасыз ба?

а) Жоқ. б) Берілген кеңеске байланысты. в) Иә.

11. «Ешкімнің ағаттық жасамасына кепіл жоқ» деген пікірге қатысты ойыңыз қандай?

а) Мұндай пікірдің сізге қатысы жоқ. б) Солай сияқты. в) Өкінішке орай, дәл солай.

12. Әлдекіммен дауласып қалғанда соңына дейін өз пікіріңізді қорғайсыз ба?

а) Әрине. б) Даудың не себепті туғанына байланысты. в) Жоқ.

13. Адамға бір нәрсені қайталап айта бересіз бе?

а) Айта беремін. б) Жағдайға байланысты. в) Айтпаймын.

Ұсынылған тест сұрақтарына барынша шынайы жауап бергеніңізге сенеміз. Ендігі өзіңізге тиесілі жауапқа назар салыңыз.

Жауабы

Көбіне «а» нұсқасын таңдаған адамдар қырсық келеді. Олар мәселенің басқа да жеңілірек шешімі болса да, соңына дейін өз айтқанында тұрады.

Сұрақтардың көбінде «б» нұсқасын таңдаған жандардың бойында қырсықтық болғанымен, адамдармен бітімге келе алады. Олар өздерінің айтқаны ғана дұрыс бола бермейтінін түсінеді.

Ал егер көп жағдайда «в» нұсқасын таңдасаңыз, сіз қырсық емессіз. Кез-келген мәселенің жеңіл шешімін таба білесіз.

Оқи отырыңыз:

Серуендеуге шыққан екі баланың анасы құлап қалып, 36 сағат бойы көмек сұраған (фото)

70 жастағы әжей алаяққа ессіз ғашық болып, 225 мың АҚШ долларын беріп жіберген

Брюс Лиден айнымайтын жігіт табылды (видео)

Жабайы маймылдар жапониялық киіктермен жаппай жыныстық қатынасқа түсіп жатыр (видео)

Талқылау