Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыйдырмай қуып жіберді": Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшті

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшкенін айтты. Құны 60 миллион тұратын үйде өнер иесі екі баласы және көмекшісімен тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Күзде эстрада жұлдызы баласының туған күніне пәтер сыйлаған еді. 

“Құттықтаңыздар, 5 айдан соң ақыры үйдегілер шыдатпай, көшірді. Сыйдырмай, қуып жіберді, шынымды айтсам. Мен негізі үйде ештеңе істемеймін. Гүлназ деген көмекшім бар. Ол қазір жаттығуға кетті де, балаларға ас әзірлеп жатырмын. Шынымды айтайын, үй шаруасына “нөлмін”. Десе де Алла маған сол олқылықтың орнын толтыратын көмекші алуға мүмкіндік беріп қойды", – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі әзіл-шыны аралас келінімен бір үйде тұру жақсы емес екенін айтты. 

“Жаңағы “үйдегілер сыйдырмады, көшіріп жіберді” дегенім рас негізі. Бірақ үйдегілер болғанда, мамам мен папам емес. Үйде келін деген біреу бар, сол келінім ғой қуып шыққан. Өзі міне, қасымда отыр, жасаған тірлігіне ұялып, сіздерге қарамай отыр”, – деп күлді Мөлдір. 

Еске салайық, әнші қыз-келіншектерді хиджаб күнімен құттықтап, сынға қалғанын жазған едік. 

 

Талқылау