Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)

Әнші әрі продюсер Сиви Махмұдидің әкесі, “мұнай магнаты” атанып кеткен әйгілі меценат Махмұт Нәлібаев 60 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Той Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірі – Royal Tulip-те өтті.

18879391_1560951570641513_8230684388988289024_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сән-салтанатты ерекше жақсы көретін Сиви бұл жолы да әдетінен жаңылған жоқ. Тойдың ұйымдастырылуын жіті қадағалаған ол келген қонақтарды барынша таңғалдыруға тырысты.

Айтпақшы, Нәлібаевтың той тойлауына тек 60 жасқа толуы емес, жұбайы Анар Рүстемовамен 35 жыл отасуы себеп болған.

Тойда әйгілі отандық жұлдыздардан бөлек, шетелдік өнерпаздар бой көрсетті.

18879084_243629816042206_1509987566424686592_n

Әсіресе, танымал араб әншісі Араштың ән салуы көпшілікті таңдай қақтырды.

Зажигаем вместе с Arash 😎#папе60летюбилей

Публикация от Сиви😚 (@sivi_makhmudi)

Ресейлік әнші әрі актриса Анна Семенович тойдың көркін келтірді. Ол Арашпен бірге дуэт орындады. 

Араш#Анна Семенович #Arash

Публикация от Айған Сайлаубай(Арт-директор) (@aigan_zholdasova)

Бұдан өзге, еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас өнердегі әріптесі Сивидің көңілін қалдырмай, оның әкесін мерейтойымен құттықтай келді.

18812773_1294210397359673_8632735547422408704_n

Сиви мен оның анасы бұл кеште жасыл түсті бірдей көйлек киіп, ел назарында жүрді. Олар той барысында екі рет киім ауыстырды.

Ал меценат Махмұт Нәлібаевқа жақындары су жаңа волга автокөлігін сыйға тартты.

18888622_687756674764613_8105976710719078400_n

#Arash#Helena

Публикация от Айған Сайлаубай(Арт-директор) (@aigan_zholdasova)

Жіберіп алмаңыз:

Димаш пен Патрисия Каас Астанадағы “Ритц-Карлтон” қонақ үйінің ашылуында ән салды (видео)

 Айнұр Ілиясова: Жұмысқа шақыртуларды асыға күтіп жүрмін

Айгүл Бабаеваның қызы: Қазір көп бала туудың не қажеті бар?

Айару Бақытбек: Біреудің өміріне араласуды қойыңыздаршы

Талқылау