Сиви Махмұдидің бауыры: Өзімді байдың баласымын деп айта аламын
Жуырда Сиви Махмұдидің өзінен 12 жас кіші інісі “Мажоры” атты туындысын қазақстандықтарға ұсынған болатын. Марсельдің айтуынша, фильм желісі өз өмірінен алынған.
Сурет: Марсель Махмұдидің жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
“Фильмнің желісі өз өмірімнен алынғаны рас. Бірақ, толықтай деп айта алмаймын. Фильмде жасаған дүниелердің көбісі өмірімде жоқ. Яғни мінезіме қатысты айтып отырмын. Мен үшін “мажор” деген байдың баласы деген сөз. Әдетте мұндайлар құтырыншақ, адам менсінбейді. Қазіргі байдың балаларының көбісі сондай. Қазақсанда қарапайым адамдар байдың балаларымен көп ұрысып жатады. Олар өз кезегінде жасқа қарамайды. Ал өзімді “мажормын” демесем де, байдың баласының қатарына қоса аламын. Құдайға шүкір, әкемнің жағдайы бар. Қаншалықты екенін білмеймін”, – дейді Марсель Махмұди.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашты (видео)
Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын
Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді
Өзбек әнін аударып алған Жігер Ауыпбаев елдің сынына жауап берді (видео)