Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди түр-келбетін кемсіткен хэйтерлерді қалай жазаламақ

Сивидің әр қадамын сынға алмаса, оқырмандарының көңілі көншімейтін сынды. Оның әр постын жіті қадағалайтын фолловерлері, ауқатты бикештің дүние-мүлкінен бастап, түр-келбетіне дейін келеке қылуды әдетке айналдырған. Ал, Махмуди қара ниеттілерге қандай шара қолданады?!

сиви махмуди

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Көбінесе көре алмай жатады ғой. Неге саған беріп қойған деген сияқты. Енді әркімнің несібесі маңдайына, бағына қарай беріледі ғой”, – дейді Сиви Махмуди.

Махмуди мұндай пікірлерге көңіл-күйін түсірмейді. «Біреудің тағына таласқандар, басына қонған бағына таласа алмайды» – дейді Сиви. Бірақ, бикешке жағымсыз жазба жолдайтындардың қарасы әлі күнге азаяр емес.

“Сенде бәрі бар, бірақ түрің келіспей қалған деп жазады да мысалы. Не болмаса қатты арықсың, я болмаса мұрның дәу деген сияқты. Болмаса ақшаң көп, өнерің жоқ деген сияқты”, – дейді Сиви.

Ал, Айгүл Иманбаева хэйтерлерді бірден қара тізімге енгізеді екен. Басы бос бикешке жазылатын жағымсыз пікірлер легі көбіне жеке өмірі жайлы.

“Халық – ұлық, тобыр – былық! Халық керегін алады. Тобыр қашан да. Абайды да өлтірген тобыр. Сол себепті, әр тобырмен үріп отыратын жағдайым жоқ. Сондықтан мен үріп, айтысып отырмаймын. Тек шектен шыққан кезде ғана бір жауап бермесем”, – дейді Айгүл Иманбаева.

Отандық шоу-бизнестегі нәзік жандылар, дөрекі оқырмандарымен күресудің амалын іздеп, басы қатса, «Жігіттер» тобындағы Бағлан бұл мәселені әлдеқашан шешіп қойған.

“Мәдениетті жауап беретініне, мәдениетті жауап беремін. Өзі бір балалар болады. Оларға былай жазбасам да, дайректтеріне жазып жіберемін. Кәдімгідей балалардың арасында болатын сөздер болады ғой. Айтылатын әңгіме деген сияқты. Сондайларды жазып жіберемін”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Әбдірайымовтың бұл әрекеті өз нәтижесін берген сыңайлы. Бүгінде, Бағланның жүйкесін жұқартатын жазбалар некен-саяқ екен.

Тағы оқыңыз: 

Рүстем Жүгінісов Грузияда өтетін халықаралық байқауға үш хит әзірлеп жатыр

Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

 

Талқылау