Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди: Ағам әншілерді жұлдыз санамайды

Әнші Сиви Махмұди ағасы жайлы айтын, жүрекжарды жазба жария етті. Ағасын туған күнімен құттықтап ізгі тілегін арнады.

 

"Ағам Марат бала күнінен еңбекке ерте араласты. Үйдің үлкені болғандықтан әкем кәсіптің қыр-сырын үйретіп Мараттан зор үміт күтті. Тәубе, әкемнің сол сенімін қазір ағам артығымен ақтап жатыр.

Бала күнімізде Марат әншілер мен әртістерге мүлде қызықпайтын. Оларды тіпті жұлдыз деп те санамайтын. Тек атаммен отырып "Айтыс" тамашалайтын. Өзі де ақынжанды адам. Сондықтан, қазір төл өнеріміз "Айтыстың" гүлденуіне өз үлесін қосып келеді", деп жазды.

Әншінің атуынша, ағасы қазақ тілінің,айтыстың дамуына үлес қосқан.

"Марат қазақ тілінің болашағына үнемі алаңдап жүреді. Еліміздің даму жолында орасан үлесін қосып жатыр деп мақтанышпен айта аламын.

Айналасын доспен қоршаған ағамның мінезі салмақты, кісі баласына кесірі жоқ байыпты жан.Оның басты принціпі "Қазақ еліне қызмет ету". Сол арманы мәңгі орындалса екен деймін.

Қым-қуыт өмірде туған бауыр болсақ та, кейде жақсы көретінімізді айта алмай жатамыз. Ағашым, Марат, туған күніңмен! Жеңгем екеулерің бірге балапандарынның қызығын көріндер. Өзіңдей ағам барына мақтанамын. Алладан амандығынды тілеймін!", деді Сиви.

"Ағаңыздың туған күні құтты болсын, Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Туған күні құтты болсын! Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", дедіжелі қолданушылары.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр