Сиви 18 жасқа толмаған бауырына қымбат көлік сыйлағандарын айтып мақтанды
Жуырда шетелде білім алып жатқан Марсель Махмұди қазақстандық көрермендерге “Мажоры” атты туындысын ұсынған болатын. Жас актердің туған күніне отбасы қымбат көлік сыйлаған екен. Десе де, Сиви ханым мен оның анасы Марсельге әлі көлік кілтін бермегендерін айтып ақталды.
Сурет: Марсель Махмұдидің жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
“Марсель әке-шешемнің қырыққа таяп қалған кезде дүниеге келген балалары. Сол себепті, үйде еркелейтіні рас. Өзі менен 12 жас кішкентай. Оны өзім бағып өсірдім десем де болады. Қолымыздан келгенше айтқанының барлығын жасауға тырысамыз. Қымбат сыйлық осы жақында ғана алғашқы рет сыйланды. Оған дейін тым қатты еркелетіп көрмедім. Оның үстіне әлі 18 жасқа толған жоқ. Жақында өзінің қалауымен, ақылдаса келе көлік алып бердік. Бауырым 1999 жылы дүниеге келгендіктен, 999 деген арнайы нөмірмен сыйға тарттық”, – дейді Сиви Махмұди.
Ал анасы ұлы кәмелеттік жасқа толмайынша көліктің кілтін бермейтінін айтып жатыр.
“Туған күніне көлік сыйлағанымыз рас. Бірақ, баламыз 18 жасқа әлі толмағандықтан, әлі рөлге отыруға рұқсат бермедік. Әкесі уақытша бір жүргізуші беріп қойды. Жалпы 18 жасқа толғанға дейін ұлым рөлге отырмайды. Тек фазендамызға барған кезде, бетпақ далада шамалы айдап үйретеміз. Бірақ, қаланың ішінде көліктің кілтін беру деген бізде жоқ. Алдымен, құжаттарын алып, кәмелет жасқа толып алсын”, – дейді Сивидің анасы.
Жіберіп алмаңыз:
Сиви Махмұдидің бауыры: Өзімді байдың баласымын деп айта аламын
Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашты (видео)
Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын
Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді