Сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербургтегі әуежайда қалып қойған 15 жастағы қазақстандыққа көмектесті

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей үкіметінің шетел азаматтарының кіруі туралы жаңа өкіміне байланысты екі тәулік бойы Санкт-Петербург әуежайына қамалған 15 жастағы қазақстандық Томирис Айтжанова қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Ведомствоның мәліметінше, қыз Санкт-Петербургке Ыстамбұл арқылы ұшып келген. Туысының айтуынша, ол Ресейге емделуге келген, бірақ тиісті құжаттары болмаған.

Ал Ресей ФСБ Шекара қызметі хабарлауынша, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталында Томирис туралы ақпарат жоқ.

"Соған қарамастан, Қазақстанның Бас консулдығы барынша көмек көрсетті және кәмелетке толмаған азамат Ресей аумағына жеке тәртіппен жіберілді", - деп атап өтті қазақстандық СІМ.

Ведомствода Қазақстан азаматтарынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өту ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрады.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қыз Ресейге емделуге бармаған.

"Біздің азаматтар шет елдің ережелерін ұстанғылары келмейді, есесіне БАҚ арқылы шу шығарып, өз мәселелерін шешуге тырысады. Ол емделуге барған жоқ, барлық ережелер туралы біле тұра, Санкт-Петербургке заң бұзушылықпен ұшып кетті", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ өкілі бұл оқиғаға қыздың кінәсі жоқ екенін, жауапкершілік оның ата-анасына жүктелетінін, олар жағдайды білетінін және баланы Стамбул арқылы саяхатқа жалғыз жібергенін атап өтті.

"Фонтанка" интернет-басылымы Томиристің Пулково әуежайынан шыққанын растады. Қыз жоспарланған емдеу курсынан өту үшін ағасының сүйемелдеуімен әуежайдан кетті. Бұл туралы Санкт-Петербургтегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратынан хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр