Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының нысанына жасалған шабуылға қатысты Украинамен тілдеседі
Сыртқы істер министрлігі Украина билігімен Каспий құбыр консорциумының Кропоткинская мұнай айдау станциясына жасалған шабуылды талқылайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: КҚК
Мәжіліс отырысында Сыртқы істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Каспий құбыры мәселесін талқылайтындарын айтты.
"Біз жағдайды білеміз. Энергетика министрлігі шабуыл жасалғанымен, мұнай құбыры бұрынғыдай істеп тұр дейді. Біз украиналық тараппен байланысамыз, сөйлесеміз, кездесеміз. Болашақта мұндай жағдайға жол бермеу үшін біз бұл мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуіміз керек", – деді Рахметуллин.
- Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылынан Қазақстан 600 миллион доллар жоғалтуы мүмкін
17 ақпанға қараған түні украиндық ұшқышсыз ұшақтар тобы Қазақстаннан мұнайдың 80%-ы тасымалданатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ірі мұнай айдау станциясы Кропоткинскаяға шабуыл жасады. Станцияны жөндеу екі айға созылуы мүмкін, бұл тасымалданатын қазақстандық мұнай көлемінің 30% қысқаруына әкеледі.
Мұнай-газ саласындағы көптеген сарапшылар болған жағдай Қазақстан экономикасына кері әсер етеді деп есептейді. Олжас Байділдиновтың айтуынша, мұнай экспортының қысқаруынан бюджет шамамен 600 миллион доллар жоғалтады.
Еске салайық, бұған дейін мұнай тасымалданатын Каспий құбыр консорциумының нысанына дрондар шабуыл жасағанын жаздық.