Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қарақшылардың өзін тонауына жол бермеген азамат туралы айтты

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та өзін тонайғысы келген қарақшыларды ұрып қаруын тартып алған қазақстандық азамат жайлы айтты. Министрлік дәл қазір онымен байланыста деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі. 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық АҚШ-та заңды түрде тіркелген. Ол сол жерде білім алып жүр екен.

"Ол мамандығы бойынша әуе диспетчері. Бұрын Латвияда білім алған. Осы бағдарлама аясында ол Латвиядан Майамидегі екі айлық курсқа біліктілігін арттыруға келген", - деді Смадияров.

Министр айтуынша, АҚШ-та шабуылға ұшыраған азаматымызбен Қазақстан консулы байланыста.

"Оған рюкзагын иемдену үшін жергілікті қылмыстық топ шабуыл жасаған. Ал оның сөмкесінде құжаттар мен ақша болған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Біздің консул оқиғаны естігеннен бірден дереу хабарласқан. Қазір жәбірленушімен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыстамыз.Төбелес кезінде азаматымыз жеңіл жарақат алғанына қарамастан, медициналық көмек көрсетуден бас тартты. Дегенмен оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді", - деді Смадияров.

Талқылау