Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыртқа жатқызып қойған": Семейде "ауруханаға кіре алмай" қалған кейуана түсірілген видео жұртты шулатты

Әлеуметтік желі қолданушылары Семейде аурухананың сыртында жатқан кейуана түсірілген видеоны көріп шулап кетті. Алайда кейіннен бұл видео әдейі халықты арандату үшін түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап. 

жерде жатыр

Бейнежазбадағы әжейді дәрігерлер қабылдамай қойғаны айтылыпты. 

"Мен жұмыстан шығып барғанша, анам №2 қалалық аурухананың сыртында жатуға мәжбүр болған. Оны ауруханаға қабылдамай қойғаны былай тұрсын, адамның сыртта жатқанын көріп, ешкім көмектесуге шықпаған", - делінген видеоның астында. 

Кейіннен облыстық әкімдік аурухананың бейнебақылау камералары түсірген видеоны жариялады. Шын мәнінде, бейнежазбадағы әйел ер азаматпен бірге келіп, өзі жерге жатып қалады. Әлгі адам оның жатқанын видеоға түсіргеннен кейін екеуі бірге қайтып кетеді. 

Жалған ақпарат таратушылар жазаланады ма деген сұраққа әкімдіктегілер "уақыт жоқ" деп қысқа қайырыпты. 

Талқылау