"Сыртынан біреу оқытқан": Марқұм Бейсен Құранбектің дертінің құпиясы белгілі болды
"Екі қоян сыйлады": Фото: Жеке архивтен алынды
49 жасында дүние салған журналист Бейсен Құранбектің дертіне қатысты шындық айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистің жары Гүлмира Зербай оның қатерлі ісікке шалдыққанын білгеннен кейін ауруханада жатып емделуден бас тартқанын айтып берді. Тәуіптер "сыртынын біреу оқытып тастаған" деген болжам да айтқан екен.
"Тәуіптер ішіне уайым түсіп кеткен дейтін, сыртынан оқытылған деді. Біраз уақыт жоғалтып алдық. Консервативті емге барайық дегенде өзі көнбей қойды. "Онкологиялық ауруханаға барғым келмейді, қайткен күнде де өзім жеңуім керек дейтін", – деді ол журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында.
-
"170 жұптың үйленіп, үй болуына көмектескен": Бейсен Құранбектің қолдауымен шаңырақ көтерген бір отбасының тағдыры
-
"Қазақтың бір керегіне жараймын ғой": Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен соңғы рет тілдескен сәтін еске алды
Марқұм Бейсен Құранбек өзінің сырқаты туралы естіген соң, дәрі қабылдауды бастаған, содан кейін бір жылға жуық уақыт бойы дәрігердің алдына бармай кеткен.
"Мойындағысы келмеді ме, әлде әлсіз көрінгісі келмеді ме, білмеймін", – дейді жары туралы естелік айтқан Гүлмира Зербай.
Еске салайық, Марқұм Бейсен Құранбектің жары жұбайымен танысқан кезін есіне алып, екі қоян сыйлағанын айтқан еді.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
