“Сырт киімі өзен жағасынан табылған”: Павлодарда 48 жастағы әйел үш тәуліктен бері іздестірілуде

Фото: ТЖД
Павлодарда 48 жастағы әйел үш тәуліктен бері іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сырт киімі Ертіс өзенінің жағасында табылды. Іздеуге сүңгуірлер де тартылған.
Әйел 17 қарашада үйден шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
"Біз ақпарат алғаннан кейін дереу жоғалған әйелді іздеуге кірістік. Еріктілер жерді тексеру кезінде Маринаның сырт киімін және жеке заттарын су ішінен тапты. Ақпарат құқық қорғау органдарына және ТЖК-ға берілді. Әйел қатты бас ауруына шағымданған. Оған жағдайы нашарлаған болуы мүмкін", — дейді іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқандар.
Астанада 5 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам туралы ақпарат үшін 3 млн теңге сыйақы ұсынылды
Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, әйелдің жоғалғаны туралы ақпарат 18 қарашада сағат 13:00-де келіп түскен.
"Қазіргі уақытта іздеу шараларына 23 ТЖД қызметкері тартылған. Ертіс жағасында 1976 жылы туған әйелдің сырт киімі табылды, сондықтан Ертіс өзенін мұқият тексеруге ерекше көңіл бөлінуде", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, құтқарушылар, полиция қызметкерлері және волонтерлер жағалау сызығын тексеріп жатыр.
Жоғалған әйелдің бойы 160 см, арықша денелі, көздері қоңыр.
Еске салсақ, Астанада медициналық мекемеде 12 жасар бала жоғалып кеткен еді.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады