Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияға қайын інісін алып кетпек болған әйел 9 жылға сотталды

Сирияға кетуге тырысқан 29 жастағы қазақстандықтық әйел 9 жылға сотталды.

Бұл туралы Қарағанды облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап,  Stan.kz   хабарлайды.

Қарағандыда тұратын Жамбыл облысының азаматшасы радикалды діни идеологияны ұстанып келген. Осы себеппен, өткен жылдың желтоқсанында 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сотталушы Сирия жасақтарымен Telegram арқылы байланысқан. Ол әйелге Қырғызстан арқылы Сирияға келуге болатынын түсіндірді. Сотталушы күйеуінің кәмелеттік жасқа толмаған туысын Сирия жауынгерлеріне көмектесу үшін бірге баруға шақырды. Әйел 15 тамызда Қордай ауылына дейін таксиге отырып, әрі қарай шекарадан аспақшы болған. Бірақ, жолда оны ДК-нің қызметкерлері қолға түсірді », – дейді сот.

6 ақпанда 29 жастағы әйел қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ҚРҚК 24-бабы 3-тармағы және 257-баптың 2-тармағына сәйкес 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Сонымен қатар, ҚРҚК 259-баптың 2-тармағына сәйкес  9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы ең биік ғимарат құрылысшылары наразылыққа шықты 

Елімізде жеке детективтердің қызметін жиі кім пайдаланады? 

Қарағанды облысында үйі өртеніп кеткен отбасы жерлерінен айырылуы мүмкін 

Елімізде балаларын аяусыз соққыға жығатын ата-аналар неге көбейді? 

 

Талқылау