Сирияда соғысып жүрген қырғыз жігіті анасынан кешірім сұрады (видео)
Әскери қимылдар жүріп жатқан аумақта түсірілген қырғыз жігітің бейнеүндеуі пайда болды.
Бұл туралы Zanoza.kg хабарлайды.
Видеодағы ер адамның жас жігіт екені байқалады. Ол бет-аузын толықтай тұмшалап алған. Қырғыз тілінде сөйлеген ол өзінің қазір Сирия жерінде екенін айтыпты. Нақты солай ма, ол жағы белгісіз.
“Менде уақыт аз, бізді қоршап алды. Бізден екі квартал төмен жердегінің бәрін құртты. Мен тірі қалмайтын секілдімін. Мама, менің осында келгенім үшін мені кешіріңізші. Олар кінәсіз балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлап жатыр. Не үшін соғыс болып жатыр, бұйрықты кім беріп жатыр, түсінбеймін. Бұл біздің соғыс емес. Мама, кешіріңізші мені”, – дейді ер адам.
Қазір Қырғызстанның қауіпсіздік қызметкерлері аталған видеоны тексеру үстінде.
Оқи отырыңыз:
Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?
Ережесіз жекпе-жек чемпионы порноактрисаны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)
Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)