Соңғы жаңалықтар

Сырғануға арналған төбешіктер жасайды: Қарағандыда көп қабатты үйдің аулаларына тегін қар таратып жатыр

Қарағандыда ауыр жүк көліктері тұрғындардың өтініші бойынша қарды көп қабатты үйлердің аулаларына апарады. Тұрғындар қардан сырғануға арналған төбешіктер жасайды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Арна тілшілері Шахтерлер даңғылы бойындағы көп қабатты үйдің ауласына қар әкеліп, ойын алаңына төккен сәттің куәсі болған. Енді ата-аналар күрек пен суын дайындап, төбешік жасайды. 

"Енді балалар қуанатын болды. Қыста басқа не істеу керек. Суық. Мұнда жүгіреді, секіреді, жақсы", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Гүлім Сәрсенбаева.

Қала тұрғындарына қарды саябақтарды басқару бөлімі тегін жеткізіп береді. Бұл қанша қар керек екенін тұрғындардың өзі шешеді. Төбешіктің көлемі мен ұйымдастырушылар фантазиясына байланысты тіпті 10 көлік қар сұратуға да болады.

Мәселен, қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласындағы мұзды төбешікті жасауға 4 көлік қар керек болыпты. Үй жағдайына қарайтын Наталья Чернышеваның айтуынша, төбешікті жасауға бір кеш жеткілікті болған. Көршілердің бәрі тату түрде, көмекке шыққан. Енді балалар сабақтан кейін бірден осында жүгіреді. 

"Қыста қар сұратуға да болады екен. Теледидар алдында, компьютер алдында отырғаннан гөрі таза ауада, төбешікте жүрген жағымды. Мұнда балаларды қуып шығара алмайсыз, түнге дейін ойнап жүреді", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Чернышева.

Әкімдіктегілердің айтуынша, қаланы тазалағаннан кейін қардың көп бөлігі полигонға жіберіледі. Төбешіктерге арналған қарлар алаңдар мен саябақтарда жиналады. Олар таза және қауіпсіз. 

"Біз бұл идеяны қолға алдық, балаларға қуаныш сыйлап, өтінім бойынша аулаларға қар әкелеміз. Бүгінде бес мекенжайға жеткізілді", - деді Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының бас инженері Талғат Смайылов.

Саябақтарды басқару бөлімінде ондаған өтінімдер бар екен. Жаңа жылдық демалыста қарағандылықтар балаларға нағыз қысқы ойын-сауық ұйымдастыруға асығуда. Төбешіктер балаларға көктемге дейін ермек болады. Содан кейін оларды коммуналдық қызметтер алып тастайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр