Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырғаның орнына білезік тақты": Танымал блогер Aeka Posh екінші рет тұрмысқа шықты

Танымал блогер Aeka Posh екінші рет тұрмысқа шығып, қалыңдық атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Сұлулық әлемінің өкілі осыдан жеті жыл бұрын танымал әнші Дидар Кәденге тұрмысқа шыққан еді. Экс-жұбайлардың бір ұлы бар. 

“Аллаға Шүкір! Барлық жазып жатқан ыстық ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Сырғалым атанып, ұядан ұшқан күнім. Әрбір қыз баласына өз теңін тауып, өз бақытына қол жеткізуін тілеймін", – деп жазды ол. 



Блогердің айтуынша, үш жасында құлағына ота жасалғандықтан сырға таға алмайды екен. Сондықтан сырғаның орнына брендтен білезік тағуды өтінген.

"Аллаға Шүкір, “Сырғалым” атандым", – деп жазған Аeka Posh парақшасында жақсы жаңалығын жариялады. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 12 Тамыз, 2024 13:44
Талқылау