Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызғалдақ үшін 12 миллион теңге айыппұл: Депутат экологиялық құқықбұзушылықтарға жазаны жеңілдетуді ұсынды

Фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысында сенатор Ольга Булавкина сирек кездесетін өсімдіктерді жұлып алғаны үшін миллиондаған айыппұл төлеуге мәжбүр болған резонансты жағдайларға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бір жағынан, шараларды қатаңдату керек. Біз бұрын ағаштарды сыпырғыш үшін кескенін, гүлдерді құшақ-құшақ жұлып алғанын ұмытқан жоқпыз. Бұл – табиғатты әдейі жою еді", — деді депутат.

Оның айтуынша, әдейі жасалған әрекеттер мен байқамай істелген қылықтарды ажырата білу қажет.

"Қазақстандықтардың көбі жауапкершілік туралы біледі. Бірақ сирек кездесетін өсімдіктер тізімінде 300-ден астам түр бар. Олардың барлығын жаттап алу мүмкін емес. Адам жүріп келе жатып, әдемі гүл көріп, жұлып алады. Мұндай жағдайда не істеу керек?" – деп сұрады Булавкина.

Сенатордың пікірінше, егер адамның ниеті жаман болмаса және бұл бір реттік жағдай болса, ондай істерді жеке қарастырып, ескерту берумен шектелу керек. Ал әдейі жасалған экологиялық құқықбұзушылықтар үшін айыппұл салынуға тиіс.


Ақтөбеде қызғалдақ ұстап суретке түскен ауыл әкімінің бас дауға қалды


"Заңның аты заң": Экология министрі Қызыл кітапқа енген гүлді жұлған әйелге 12 миллион теңге айыппұл салуды құптайтынын айтты


Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны да грейг қызғалдақтарын теріп жүрген жерінен видеоға түсіп қалған еді. Сол әрекеті үшін ол 12 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.

 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 13:34