Атыраулық азамат мас досының кінәсінен көз жұмды
Ақтөбеде мас жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Атыраулық азамат қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: hdpic.club
Оқиға Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылында болған. Nissan XTrail көлігінің 34 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгілері мен қоршауларға соғылған.
Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті. Ал оның жақын досы оқиға орнында қайтыс болды. Зерттеуге сәйкес, Nissan жүргізушісі көлік тізгініне отырмас бұрын досымен сыра ішкені анықталды. Мас жүргізуші өз досын әуежайға алып бара жатқанда жол апатына ұшыраған.
Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған, рульге отырмас бұрын досымен сыра ішкені анықталды.
Сот жол-көлік оқиғаға кінәлі азаматты 3 жылға бас бостандығынан және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Талқылау