Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синтетикалық есірткі шығаратын екі ірі зертхана анықталып, жұмысы тоқтатылды - ҰҚК

ҰҚК арнайы операциясы барысында екі ірі есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz 

2023 жылғы 17 және 24 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша департаменттері "Бүркіт" Ұлттық ұланның арнайы жасақтарын жұмылдыра отырып және прокуратура органдарын үйлестіруімен синтетикалық  есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын жойды.

"Заңсыз айналымнан 29 келіден аса "мефедрон" психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар,сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды",- делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін.

Ұсталған 4 азаматқа қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Фото: gov.kz 

"Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, беру немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде"-делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Талқылау