Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет елімізде алдағы 15-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы мерекелік демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында ауа температурасы көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БҚО мен Атырау облысында ауа температурасының ауытқуы байқалады. Түнде 7, -15,  4, -9 аяз, күндіз 3, -8 жылы 0, -5 ке дейін күтіледі.

Маңғыстау облысында ауа температурасы түнде 0, -5-тен 7, -12 градусқа дейін болады. Ал күндіз , 0, -8 аяздан 1, -6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде ауа температурасының ауытқуы күтіледі. 12 -23-тен 5-15 градусқа дейін, ал күндіз 7-15-тен 0-5 градусқа дейін жоғарылайды.

Қостанай облысында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжануда. Түнде 15, -25-тен 7, -15 градус, күндіз 7, -17-ден 0, -8 градусқа дейін болжанған.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында біртіндеп ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Түнде 17, -27-ден 0, -8 градусқа дейін, күндіз 10, -17-ден 0, -5 градусқа дейін болжанған.

Қарағанды, Ұлытау облыстарында түнде 15, -25 аяздан 5-15 градусқа дейін, күндіз 5, -15 градус болжанған.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-17 желтоқсанда ауа температурасы түнде 28, -39, күндіз 17, -25 градус күтіледі. Ал 18 желтоқсанда түнде ауа температурасының 17, -25 градустан біртіндеп 2, -10 градусқа көтеріледі. Күндіз 10, -18-ден 0, -7 градус болжанған.

Қызылорда, Түркістан облыстарында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде.

Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында біртіндеп ауа температурасы түнде 15, -20 градус солтүстікте таулы аймақтарда 25, -30 градус аяз болмақ.

Талқылау