Синоптиктер: Мереке күндері елімізде 30 градус аяз болады
Синоптиктердің болжамынша, 16-20 желтоқсан аралығында ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады.
“Демалыс күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі, аяз болады деп болжануда. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда кей жерлерде түнде сынап бағанасы 30 градустан төмен температураны көрсетеді”, — делінген хабарламада, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК.
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2…5°С төмен болады.
Тағы да оқыңыз:
Астана тұрғыны қоғамдық көлікпен жүрем деп құрт ауруын жұқтырып алған
Алматыда көз жұмған егіздердің анасы: Мен балаларымды жақсы көрдім
Талқылау