Синоптиктер Каспий деңгейінің тағы да төмендеуін болжады
Қазгидромет Каспий теңізі деңгейінің барынша төмендеуі болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Каспий теңізінің 2020 жылғы 6 қыркүйектегі ғарыштық түсірілімі
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, теңіздің деңгейі төрт күнде төмендейді.
"2020 жылғы 8-12 қыркүйек аралығында Каспий теңізіндегі Пешной метеостанция ауданында деңгейдің минус 28,8 м (Балтық биіктік жүйесі) белгісіне дейін барынша төмендеуімен қауіпті желқума жағдайы болжанып отыр. Осыған байланысты шағын және орта кемелердің жүзу жағдайлары нашарлайды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Каспийдің 24-29 тамыз аралығында минус 29,5 метрге дейін төмендеген болатын.
Талқылау