Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер Алматыдағы күтпеген қардың себебін түсіндірді

Синоптиктер Алматыдағы күтпеген қардың себебін түсіндірді. Метеорологтардың айтуынша, сәуірдің бірінші жартысында таңертең арты жаңбырға ауысқан сулы қардың жаууы – климаттық процесс. Сондықтан бүгінгі құбылыс таңқаларлық емес дейді синоптиктер.

Синоптиктер Алматыдағы күтпеген қардың себебін түсіндірді

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, Алматының ауа райы болжамында да жауын-шашынның болатыны туралы хабарланған болатын. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 8-10 градус болатыны айтылған. Бұл жағдайда төрт градус температурада жаңбырдың артынан қар жаууы мүмкін.

«Ресейдің солтүстік-батысындағы еуропалық бөлікте суық арктикалық фронт ауыстырылды. Сондықтан бізде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын жауды. Сонымен қатар жауын-шашын таулы аймақтардаға көп түсті», – деді Алматыдағы «Қазгидромет» АҚ-ның жетекші инженері Татьяна Худякова.

Алдағы уақытта Алматыда қар жауады ма, оны болжау қиын. Себебі сәуірде ауа райы үдерісі жиі және қатты өзгереді. Аптаның соңына дейін Қазақстанның оңтүстік астанасында ауа температурасы нөлден 25-28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп болжануда.

Оқи отырыңыз: 

Автобус иесі қашып жүр: 52 өзбек азаматының өліміне кім жауап береді

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

“Томиристің” ат үстінде шауып бара жатқан сәті желі қолданушыларын күлдірді (видео)

 

Талқылау