Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Республиканың орталығында және шығысында қатты қар жауғаннан қашықтан көру қиындайды, жол көктайғақ болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр жаууы ықтмал.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен ауа-райы ашық болады. Бірақ антициклон түнгі температураның 5-10 градус аязға дейін төмендеуін себеп болады. Қалған аумақтарда сынап бағанасы 2-10 градусқа төмендейді. Тек оңтүстік аймақтарда түнде  5-10 градус жылы болады.



Бұған дейін синоптиктер нөсер жаңбыр жауып, найзағай соғатыны туралы айтқан еді.

Талқылау