Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы екі қызын дүниеге әкелген суррогат аналармен қарым-қатынасын айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат ананың барын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Шоу-бизнес жұлдызы арнайы суррогат аналар орталығының көмегіне жүгінгенін айтты. 

“Бізге суррогат ана арқылы балалы болуға ұсыныс айтқаннан кейін көп ойландық. Бірақ мен сол кезде-ақ: “Егер нәтижелі болып жатса, мен ешқашанда ол әйелмен кездеспеймін” дедім. Мен өте танымал адаммын. Болашақта ол маған немесе балаларыма тосынсый дайындамайтынына ешкім кепіл емес. Сондықтан ертеңімді ойлап, осындай шешім шығардым. Сол үшін біз арнайы “Кенгуру” деген аналар орталығымен байланысқа шықтық. Оны бізге Салтанат Берденқызы ұсынды. Сол дәрігердің айтқанын істедік. Ол жерде бізді Нина есімді қызметкер қарсы алды. Тоғыз ай бойы ана мен баланың жағдайын айтып отырды. Өте көп көмектесті. Осы сәтте сол кісіге алғыс білдіргім келеді”, – деді продюсер. 



Сондай-ақ актриса суррогат ананы ұзақ іздегенін де жасырмады. Айтуынша, өте көп әйелдің ішінен екі әйелді ғана таңдаған. 

“Орталықта арнайы пакеттер дайындап қойған. Бірінші суррогат ана сізбен тұруына болады немесе үйінде тұруына болады. Одан кейін арнайы пенсионатта тұрып, сіз бүкіл шығынын мойныңызға аласыз. Біз соңғысын таңдадық. Тоғыз ай бойы екі ананың да жағдайын жасадық. Мен бөлек пенсионаттың көрсететін қызметімен таныстым. Қатты ұнады. Ай сайын маған есеп беріп, анализдерінің қорытындысын жіберіп отырды. Жалпы ереже бойынша, 35 жасқа дейінгі әйелдер ғана суррогат ана бола алады. Жер сілкінісі кезінде де бірден аналарға хабарластым. Олардың денсаулығы мен көңіл күйі біз үшін өте маңызды болды. Үш ай бойы іздедік. Қаншама үміткерлер болды. Нина арқылы екеуіне ғана тоқтадық. Бірақ олар екі қызды бір отбасы үшін дүниеге әкелгендерін білді. Босану процесі де өте жақсы өтті. Күн сайын дұға тілеп, аналарымыздың аман есен босануын тіледім. Міне, бәрі жақсы аяқталды”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы 50 жасында ана болудың әсерін бөліскен еді. 

Талқылау