AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер: Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Синоптиктер Қазақстанда 12 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын, бұршақ жаууы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарында бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде бұршақ жауады, көктайғақ күтіледі, күндіз жел екіпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-шығысында екпінді жел соғады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Таулы аймақтарында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-батысында, бұршақ жаууы мүмкін. Жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.


2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына қандай өзгеріс енгізіледі?


Түркістан облысының таулы аймақтарында бұрқасын күтіледі, найзағай ойнайды. Жел күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстікте, оңтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. Жел күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанайдың шығысында, солтүстікте, Солтүстік Қазақстанның батысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында желдің күші 15-20 м/с деп күтіледі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +21...+23°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде нөсер жауын жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +20...+22°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықта жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С-ке жетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр