Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сингапурдағыдай субұрқақ": Алматы әуежайының жаңа терминалында құбыр жарылып төбеден аққан су сынға ұшырады

Алматы әуежайының жаңа халықаралық бағыттарға арналған терминал жағында құбыр жарылып, төбеден су ақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан

Коммуналдық апат кадрлары әлеуметтік желілерде пайда болды.

Видеоға байланысты әуежайдың баспасөз қызметінде түсініктеме берді.

"Мердігерлік ұйым 1-терминал мен 2-терминал арасында сумен жабдықтау үшін резервтік құбыр орнату жұмыстарын жүргізді. 23 ақпанда жүйені сынақтан өткізу кезінде құбыр қосылыстарының бірінде ақау болды. Бұл 2-терминалдың күту залында қысқа мерзімді судың ағып кетуіне әкелді. Жағдай жедел бақылауға алынды. Оқиғаның салдары тез арада жойылды. Оқиға әуежайдың жұмысына әсер етпеді және жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеді", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары болған оқиғаны қызу талқылады.



“Тек әуежайда емес, бүкіл еліміз осындай жағдайда”, “Бәлкім бұл арнайы ойлап табылған Сингапурдағыдай субұрқақ шығар”, “Бастысы нәжіс құбыры емес”, “Тропикалық душ”, – деп пікір қалдырды жұртшылық. 

Әуе айлағы болған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Деректерге сүйенсек, жаңа терминалдың құрылысына 780 миллион доллар жұмсалған болатын.

Талқылау