Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдардың соншалықты деградацияға ұшырағанын көрдім": Коронавирусқа тест тапсырғанын жазған астаналық сынға қалды

Сәуір айынан бастап COVID-19-ды анықтайтын тестер қалың бұқараға қолжетімді. Алайды тегін тек жұқтыру қауіптілігі жоғары топ қана медорталықтардың сайтында арнайы сауалнаманы толтырып тапсыра алады. Астаналық тұрғын Арман А. коронавирусты анықтайтын тест сынағын тапсырып, оның барысы және не мақсатта өткені жайлы Stan.kz тілшісімен бөлісті.

"Коронавирусты тексеретін тестке жазылып қойдым деп пост жазған болатынмын. Сол постың астына адамдар түрлі пікірлер қалдырыпты. Кейбіреулер маған наночип орнатады десе, енді бірі маған вакцина салып, мені өлтіретін вирус жұқтырады деп сандалыпты. Бүгін таңертең тесті тапсырып келді. Шығарда дене қызуын тексерді, неге екені белгісіз 35.7-ті көрсетті", - деп бөлісті Арман.

Тест тапсыруының басты себебі ақпанда тұмауратып қалғаны болған екен.

 

Процесс қалай өтеді?

1. Бөлімшеге артық аяқ басқызбайды, тест белгілі бір уақытпен алынады, менімен бірге кірген ер адам көрші процедуралық кабинетте отырды. 

2. Кіреберісте дене температурасын қол тигізуді қажет етпейтін термометрмен (тепловизор - ред.) өлшейді, қызметкерлер барлығы жеке қорғаныс заттарын киген, қолды санитайзермен тазалауды сұрап, бахила береді, сырт киімді шкафқа қалдыруды сұрайды. 

3. Содан кейін кассада, қабылдау бөлмесінде жеке куәлікті көрсеттім, мұнда маманның терезесіне дейінгі 1.5 метр қашықтық еденде сары сызықпен белгіленген.

4. Содан кейін емдеу бөлмесіне жібереді, бәрі де ультрастерильді, арнайы киім киген маман, үстелге мөрленген ашылмаған тест, спиртті майлықтар, саусақтан қан алуға арналған ине, сынаққа арналған сұйықтық тұрды. Тесті ашқан кезде, тестің өзі және қанды іріктеуге арналған тамшуыр болды.

5. Саусақтан бір тамшы қан алып, оны тестке тамызып көрді, үстіне катализатор тәріздес сұйықтық құйды.

6. Бір сағаттан кейін электронды поштама тестің нәтижесі теріс екендігі жайлы хабарлама келді, сынақты тапсыру бөлімшеге барып, кіру, шығуды қосқанда 5-6 минутты алды.

Арман өтінішті "Век-Олимп" зертханалар желісінің сайты арқылы берген. "Зертхана қызметкерлерінің айтуынша, олар тест алуды кеше ғана бастаған. Тест тапсыруымның басты себебі - ақпанда тұмауратым қалған болатынмын. Сондай-ақ, өзімнің қызығушылығым болды. Одан бөлек, жұмыс бойынша "Автопарк 1" -ге карантинге жабылу қарсаңына дейін жиі барып тұратынмын", - дейді ол.

"Менің постымды жарнама, тапсырысқа жасалған дейтіндер немесе бот деп атайтындар табылды. Менің акканутыма 2-3 апта ғана болған жоқ, 9 жыл болды. Мен ешқандай блогер, қоғамдық тұлға емеспін. Адамдар чип, қастандық туралы жазды, бірақ әлемде бірде-бір экономика мұндай қадамға бармайды және сол үшін шығынға ұшырамайды. Қаншама адам көз жұмып жатыр, олар - біреудің ата-анасы, ағасы, әпкесі, баласы. Жүз жыл бұрын испан індеті әлемдегі халықтың 5%-ын жойып жіберді, 550 миллион адамға вирус жұқты. Жазбама қалдырған пікірлер сұмдық, адамдардың соншалықты деградацияға ұшырағанын көруге болады, олар әлі әлем деңгейінде ұйымдастырылған жасырын қастандықтарға сенеді", - дейді Арман.

Айтуынша, мұндай ақпаратпен бөлісуінің себебі адамдардың тестің қалай жасалатынын білсін деген ниеті.  

"Мұндай ақпарат еш жерде жоқ немесе ешкім бөлісіп, жариялағысы келмейді", - дейді ол. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр