"Сынақтар жүріп жатыр": Қазақстан әскери ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарады
Қазақстан ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын сатып алмақшы. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: sputnik.kz
Қамалетдинов соңғы қарулы қақтығыстарды талдау барысында біздің елге ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын қолдану маңызды екенін айтты.
“ Жағдайды саралай отырып біз тиісті шараларды қабылдаймыз. Ондай аппараттарды сатып аламыз және бұл жағын дамытатын боламыз. Бізде қолданыста Израиль, Қытай шығарған ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары бар”, – деді Сұлтан Қамалетдинов.
Вице-министрдің пікірінше, қазір түрік компанияларымен бірлескен кәсіпорын құру жұмыстары жүріп жатыр.
“Қазір біз ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша сынақтар жүргізіп жатырмыз. Ұшқышсыз ұшу аппараттары шығын материалы болып саналады. Снаряд, зымыран сияқты. Сондықтан олардың саны артуы керек”, – деді ол.