"Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз": Қошанов депутат Базарбекке ескерту жасады
Фото: Парламенттің баспасөз қызметі / Ерлан Қошанов және депутат Бақытжан Базарбек
Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Бақытжан Базарбек полиция қызметіне қатысты қатты сын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Бақытжан Базарбек Алматы мен өзге өңірлерде тау жыныстарын заңсыз өндіру фактілері бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғалмайтынын жеткізді.
"Неге мен көріп отырғанды, комиссия көріп отырғанды полиция көрмейді? Неге полицейлер қол қусырып отыр? Мұны мен бірнеше рет айттым, сірә, қартайып та кетермін. Алдын алу жұмыстары жоқ. Учаскелік инспекторлар өз аумағында жұмыс істемейді. Заңсыз өндіру фактілері туралы бірнеше рет айттым, материалдарды Бас прокуратураға жібердім, бірақ сіздің ведомствоңыз тарапынан ешқандай жауап жоқ. Дәл сіз өзіңіз менімен байланысқа шығамыз дегенсіз, алайда ішкі істер министрлігінен әлі ешкім хабарласқан жоқ", – деді депутат.
Эмоциялық сөзінен кейін Қошанов әріптесін сабыр сақтауға шақырды.
"Сын айтыңыз, бірақ жеке басқа өтпеңіз", – деді палата төрағасы Қошанов.
Тоқаевтың айқай-шу шығаратын әйелдер туралы даулы сөзі феминистер мен белсенділердің ашуына тиді
Өз басым 20 миллионға татитын жұмыс атқарамын – Депутат Бақытжан Базарбек
Еске салайық, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек 20 миллионға татитын жұмыс атқарып жүргенін айтқан еді. Ол заң талап еткеннен бірнеше есе артық еңбек етіп жүргенін айтып, түрлі мемлекеттік органдардың тексерістеріне бастамашы болатынын жеткізді. Депутаттың айтуынша, бұл оның тікелей міндетіне кірмесе де, тиісті мекемелер өз жұмысын орындамағандықтан, әрекет етуге мәжбүр.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
