Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Симптомсыз науқастардың 3%-ы ауыр жағдайда ауруханаға түседі

ПТР тест 30% жағдайда коронавирусты анықтамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің кардиология бойынша кеңесшісі Махаббат Бекбосынова онлайн брифинг барысында айтып берді. Оның сөзінше, коронавирус белгілері болмаса, тест тапсырудың қажеті жоқ. Өйткені кейбір кезде ПТР тест дұрыс нәтиже көрсетпейді.

"ПТР диагностикаға қатысты айтатын болсақ, біз бір ғана тест нәтижелері арқылы коронавирус анықтай алмаймыз. Зерттеудің бірнеше тәсілдеріне жүгінеміз. Содан кейін ғана коронавирусты нақтылаймыз. Әлемдік статистика бойынша коронавируспен ауырған адамдардың ПТР тест 30% жағдайда теріс нәтиже көрсетеді. Енді барлығына бірдей ПТР тест тапсыру қажет пе деп ойлану керек. Барлығынан бұрын клиникалық белгілерді ескеру керек", - дейді ол.

Сонымен қатар Бекбосынова ауру белгілері жоқ науқастар жайлы түсіндіріп берді. Бастапқыда бір аптада ешқандай белгі болмағанымен, ауру тез дамып, бір күннің ішінде пневмонияның ауыр түрін анықтап жатырмыз дейді ол. 

"Орта есеппен ауру белгілері жоқ науқастардың 3%-ы стационарға жатқызылады. Бұл бастапқыда симптомсыз болып, артынша пневмонияның ауыр формасының белгілері байқалатын адамдар. Вирус жұқтырғаннан кейін 5-7 күн аралығында ешқандай сиптом болмайды. Тек содан кейін ғана дене қызуы көтеріліп, жөтел басталады. 8-күні пневмония белгілері байқалады. Ауру осылайша тез дамиды", - дейді Бекбосынова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр